Танымал актер түсірілім кезінде әйелдерге ерсі әрекет жасағаны үшін сотталды
Француз актері Жерар Депардье сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Француз соты актер Жерар Депардьені екі әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бірақ одан бөлек актердің үстінен 20 әйелден арыз түскен.
Актер өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.
Прокурорлар 76 жастағы Депардьені 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды және 20 мың еуро айыппұл салуды талап еткен.
Істің негізгі кейіпкерлерінің бірі – суретші-декоратор Амели К. Сотта ол актердің 2021 жылы «Жасыл жапқыштар» фильмінің түсірілімі кезінде өзін аяқтарымен қысып, денесіне тиіскенін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: