“Әпкесі ақшасын алады, бірақ қарамайды”: Шымкентте тыл ардагері жантүршігерлік жағдайда өмір сүреді
Шымкентте егде жастағы әйел жантүршігерлік жағдайда өмір сүреді, деп хабарлайды Arbat.media.
Шымкентте еріктілер тыл ардагерінің үйіне барып, оның тұрмыс жағдайын бейнеге түсірді. Еріктілердің айтуынша, әйелдің туысы оның зейнетақысын алып қояды екен. Бірақ қарияға қарайласпайды. Егде жастағы әйел тұратын баспанада тарақандар мен өзгеде жәндіктер өріп жүр. Әйелдің туысы оны қарттар үйіне беруден бас тартқан көрінеді.
Желі қолданушылары әкімдіктен әйелдің жағдайына назар аударуды сұрады.
Еріктілердің айтуынша, Жеңіс күніне орай әжеге медаль мен ақшалай көмек берілген. Алайда оны да әйелдің әпкесі қалтасына басқан.
Қазіргі уақытта әйел қалалық басқармаға қарасты әлеуметтік бейімделу орталығына орналастырылыпты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: