Қазақстан жаңалықтары1 сәуір 2024, 20:02

Тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтар несие борышын кейін төлейді

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға несие бойынша борышын өтеу мерзімін кейінге қалдыруға дайын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.

Тиісті тізімдерді әкімдіктер шығарады. Бұл тізімдерге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды.

Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін, сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

Бүгін Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және «Қазақстан халқына» қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.

Сондай-ақ Президент отандық бизнестен шетте қалмай, азаматтарға көмектесуге шақырды.

 

Несие Қазақстандықтар Тасқын кейін шегеру
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:12 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар