Tele2 мен ALTEL қатарлық инвесторға 1 миллиард долларға сатылады
Қатардың Power International холдингі «Мобайл-Телеком Сервис» компаниясын 1 млрд долларға сатып алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Жаңа қатарлық инвестордың келуі – өте маңызды бастама, жаңа инвестицияларға, жаңа есімді тарту арқылы инвесторлық базаны кеңейтуге, нарықта, атап айтқанда ұялы байланыс операторларында бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Мәміле сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайды», - деді министр.
Оның айтуынша, Power International Holding инфрақұрылымға шамамен 300 млрд теңге қаражат бөледі. Оған қоса, базалық станцияларды салу, 5G базалық станцияларын орнату бойынша міндеттемелер бар.
«Бұл шаралар бәсекелестікті күшейтеді деп санаймыз, ал бәсекелестік, өздеріңіз білетіндей, сапаның артуына әкеледі», - деді Жаслан Мәдиев.