Қазақстан жаңалықтары20 қаңтар 2026, 11:22

Теміртау тұрғындары жылусыз қалды

Теміртауда 25 градус аяз кезінде ірі төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Таңғы сағат тоғыздар шамасында орталық жылу магистралінде болған апат салдарынан қала толықтай жылу жүйесінен ажыратылды. Салдарынан тұрғын үйлерде температура күрт төмендеп, түске қарай пәтер ішіндегі ауа 10 градусқа дейін суып кеткен. Тұрғындардың сөзінше, кейбір пәтерлердің терезелерінде қырау пайда болды. Қатты аязға байланысты электр жылытқыштар да қажетті деңгейде жылу бере алмаған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда тұрғындардың баспана ішінде сырт киіммен жүруге мәжбүр болғаны, ал балалардың қалың көрпеге оранып отырғаны анық байқалады.

Теміртау Жылу газ өңір
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар