Теміртаудағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апат болды
Теміртау қаласындағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апаттық жағдай орын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға салдарынан станцияның қазандықтары резервтік отынға ауыстырылды, деп хабарлайды Кazinform.
Теміртаудағы ҚарМАЭС-1-де орын алған апат температуралық кестенің төмендеуіне әкелді.
Әзірге тұрғын үйлердегі жылу жағдайы туралы ақпарат жоқ.
"КарМАЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық ажыратылуы салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды.
Қазір температура графигін қалыпқа келтіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: