Қазақстан жаңалықтары7 маусым 2024, 14:00

Теміржол көлігімен жүк тасымалдау ережелері өзгерді

Қазақстанда жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тиісті бұйрықты ҚР Көлік министрлігі жариялады. Оған сәйкес, жүкті сақтау төлемі төмендегі санаттарға қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

- Түсіру сәтінен бастап тиеу-түсіру орындарында түсірілген жүктер;

- Жүк алушының көмегімен түсіруге жататын станция жолдарындағы, тиеу-түсіру пункттерінде бос тұрған вагондардағы, контейнерлердегі жүктер, сондай-ақ, жүк алушыға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланып, станция жолдарында 24 сағат бос тұрып қалған жүктер;

- Жүктің межелі станцияға келгені туралы жүк алушыны хабардар еткен сәттен бастап 24 сағат өткен соң қайта бағытталуын күтіп тұрған станция жолдарында бос тұрған жүктер, вагондардағы, контейнерлердегі жүктер.

Сондай-ақ, жаңа өзгерістерге сәйкес, ағымдағы жөндеу үшін ажыратылған вагондарды сақтау үшін төлем алынбайды.

Бұйрықта тасымалдаушының тарифтік нұсқауына (прейскурант) сәйкес, 10 есеге дейін өсірілген сақтау алымы жүк алушыға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін қолданылатыны көрсетілген. Тауарларды сақтау үшін ұлғайтылған төлемақыны есептеу 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Теміржол көлігі жүк тасымалдау ережелер Өзгеріс

Тақырыпқа жаңалықтар