Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Кеше, 18 қаңтар күні таңертең Теңізшевройл (ТШО) зауытында алдымен бір, кейін екінші электр трансформаторы өртенді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өрт салдарынан өндіріс нысанынан 473 адам эвакуацияланды.

Электр жүйесіндегі ақауларға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» Қазақстандағы жалпы мұнай өндіру көлемінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді.

Мұнай тоқтады өндіру Электр

Тақырыпқа жаңалықтар