“Терезеден ұшып кеткен”: Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде тұрғын үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbatmedia.

Бүгін Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ жарылып, бір адам қаза тапты.

“Жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ 3-4 қабат арасындағы аралық құрылым ішінара құлаған”, - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт толығымен сөндірілді. 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1 адам қаза тапты. Тұрғындар адамның үйден далаға терезеден ұшып кеткенін айтты.

 

Өрт Ақтөбе Апат Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар