Қазақстан жаңалықтары29 қараша 2023, 15:50

Тергеу изоляторында өзіне қол жұмсаған

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында анасы мен баласын өлтіріп, қызын жаралаған, кейін тергеу изоляторында өз-өзіне  қол жұмсаған сотталушыға қатысты іс басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға биыл наурыз айында болды. Онда анасы мен баласы өліп, оқушы қыз тірі қалды.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс қарала бастады. Сотталушы Ә.Елеуовке сырттай айып тағылды.

«Әлішер Елеуовке Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 1 және 14 тармағы, 24-бабы 3 бөлігімен айып тағылды. 2023 жылдың 28 наурызы күні сағат 22:30-да Елеуов жұмыстан шығып сыра ішеді. Ақшасы жоқ екенін біліп, қарақшылық жасау ойына келеді. Мас күйінде ашық тұрған балконды көріп, пәтерге кіріп, адамдар ұйықтап жатқанын көрсе де, ақша, бағалы зат іздейді. Е.Гетина оянып кетіп, пәтерінде жүрген бөгде адамды көреді. Сотталушы бірден бас салып, кесіп-тесетін затты бірнеше рет сұғып алып өлтіреді. Анасының дауысынан баласы оянғанда, оны да пышақтайды. баласы да көз жұмады. қызы оянып, жерде жатқан ағасын көреді. Елеуов оны қылқындырып, пышақ сұғады, қимылсыз қалғанын көріп, кетіп қалады. Қыз есін жиып, SOS көмек сұрау белгісін береді. Қоңырау төтенше жағдайлар қызметіне түсіп, жедел көмек көрсетілді», - деді мемлекеттік айыптаушы Ілияс.

Сотта тірі қалған жәбірленушінің заңды өкілі Е.Кайрис істі тоқтатуды сұрады.

«Жиенім оны дауысынан таныды. Істі қайтаруға, қайта тергеуге келіспейміз. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Пәтерде қан ізі табылды. Біз істің әрі қарай жалғасқанын қаламаймыз. Жалпы соммасы 30 млн теңге моральдық-материалдық шығын өтеуді сұраймыз. Жасөспірімнің жағдайы бірқалыпты. Қазір әжесінің қасында. Психолог көмегінен өзі бас тартып отыр», - деді ол.

Сотталушы Ә.Елеуовтың қорғаушылары болса қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуді, қайта сараптама тағайындауды сұрады. Ал судья А.Балмұханов заңда сотталушы болмаса, сотты тоқтату қарастырылғанын айтты.

 

Ақтөбе облысы изолятор суицид Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар