Тойда «уағыз» айтқан 66 жастағы түркістандық қамауға алынды

Түркістан облысында той үстінде айтқан сөздері қоғамда қызу талқыға түскен 66 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның «музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы» деген мазмұндағы мәлімдемесі кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызған болатын. Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар нормаларына назар аударды. Атап айтқанда, Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан – зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып саналады.

әлеуметтік желі Уағыз ер адам Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар