Тоқаев Астана әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жеңіс Қасымбек биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрағанын айтты.
Бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр.
Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ.
2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: