Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;

Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;

Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;

Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;

Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;

Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ақорда Тоқаев Елші Президент

Тақырыпқа жаңалықтар