Тоқаев Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орналасқан мектепте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Мәліметке сәйкес, қаза болған алты адамның мәйіті орта мектеп ғимаратынан табылған. Тағы бір адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Екі адам тұрғын үйден анықталған.

Тағы 25 адам жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша, атыс ұйымдастырды деген күдікті өзіне қол жұмсаған. Оның әрекетінің себебі әзірге белгісіз.

Канада Мектеп Атыс Тоқаев

Тақырыпқа жаңалықтар