Тоқаев Мажарстан Президентін марапаттады

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Қазақ елінде қарсы алу үлкен мәртебе екенін, халқымыз Мажарстан Президентін аса көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты басшы, беделді тұлға деп қабылдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда 400 миллион доллар инвестиция салған 35-тен аса мажар компаниясы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан мен Мажарстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Астана мен Будапешт арасындағы тығыз әрі сенімді қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан тамыр тартатынын және өзара құрметке негізделгенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың берік негізі мен зор әлеуеті бар.

– Былтыр тауар айналымы шамамен 200 миллион долларға жеткенін, ал биылғы сегіз айда 22 пайыз өскенін (164,5 миллион доллар) ерекше ықыласпен атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан экономикасына 400 миллион долларға жуық инвестиция салған 35-тен аса мажар компаниясы жұмыс істеп жатыр. Біз қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия, денсаулық сақтау, логистика мен қаржы салаларында 607 миллион долларға бағаланатын 20 бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз, – деді Қазақстан Президенті.

Ақорда Мажарстан Марапат Тоқаев

Тақырыпқа жаңалықтар