Тоқаев миллиардер Александр Машкевичтің қазасына көңіл айтты
Президент Машкевичтің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысы көңіл айту жеделхатында кәсіпкердің өнеркәсіпті дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.
“Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті”, - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай таратқан хабарламада.
Кеше, бірнеше БАҚ Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының тең иесі Александр Машкевичтің қайтыс болғаны туралы хабарлады. Көп өтпей Eurasian Resources Group ақпаратты растады.
72 жасында Александр Машкевич өмірден өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өліміне онкологиялық ауру себеп болуы мүмкін. Ол ота жасатып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны хабарланған.