Қазақстан жаңалықтары27 сәуір 2026, 16:16

Тоқаев Оңтүстік Африка президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.

Тоқаев Африка Құттықтау Хат
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар