Тоқаев Рим Папасын 70 жасқа толуымен құттықтады

Тоқаев Рим Папасын 70 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.

Тоқаев Рим Папасы құттықтады Басшы

Тақырыпқа жаңалықтар