Тоқаев Шавкат Мирзиёевке алғыс айтып, хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке алғыс айтып, хат жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президент 14-16 қараша күндері Өзбекстанға сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.
Президент хатта бұл сапардың тарихи мәніне тоқталды.
Сондай-ақ Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының пікірінше, диалогқа Әзербайжанның толық құқылы мүше ретінде қосылуы форумның стратегиялық сипатын арттырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: