Тоқаев Тәжікстан президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: