Тоқаевқа пәкістандықтар орден тақты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шариф Тоқаевты Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады.
Ақорданың баспасөз қызметі бұл награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне берілетінін мәлімдеді.
Жиынға Пәкістанның үкімет мүшелері, парламент депутаттары, қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы қатысқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: