Трамп Қазақстаннан әкелінетін тауарға 25% баж салығын енгізді

Трамп Қазақстаннан әкелінетін импорттың тауарға 1 тамыздан бастап 25% көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған хатта Дональд Трамп 1 тамыздан бастап АҚШ Қазақстаннан келетін барлық импорттық тауарға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

«2025 жылдың 1 тамызынан бастап біз қолданыстағы салалық тарифтерден басқа, АҚШ-қа келіп түсетін барлық қазақстандық тауарларға 25% мөлшерінде тариф енгіземіз», деп жазылған хатта.

Сонымен қатар АҚШ президенті Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Лаос, Оңтүстік Африка және Мьянма басшыларына да жаңа тариф енгізілгенін хабарлады.

Трамп хатында егер Қазақстан Америкада өндіріс орындарын ашса, бұл тарифтер қолданыстан шығуы мүмкін деген ұсыныс білдірген.

трамп Қазақстан Тоқаев баж

Тақырыпқа жаңалықтар