Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 8:00

Түнгі клубқа барған мұғалімдер жұмыссыз қалды

Қызылорда облысының мұғалімдері демалыстарын Түркияда өткізуді ұйғарып, түнгі клубқа барған. Желіде тараған өрескел бейнебаян ата-аналар қауымының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, екі жас мұғалім трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барып, сол жерден видео жариялаған.

Әлеуметтік желідегі шудан кейін мұғалімдер жұмыстан шығарылды. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов түсіндірді.

«Қысқы каникулда Түркиядағы түнгі клубта демалған Қызылорда облысының екі мұғалімі әлеуметтік желіде видео жариялаған. Олардың видеодағы іс-әрекеті ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Мұғалімдер жұмыстан босатылды», деді ол.

Комитет басшысы этикалық нормаларды сақтау мұғалімдердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қалыпты сипаты болуы керектігін айтып, ел ұстаздарын моральдік-адамгершілік құндылықтар талабына сай болуға шақырды.

Қызылорда облысы мұғалімдер түркия түнгі клуб

Тақырыпқа жаңалықтар