Түркістан облысында жоғалып кеткен екі ер адамның бірінің денесі табылды
Іздеу жұмыстарының барысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі адамды да тапты. 35 жастағы ер адам қауіпсіз жерге жеткізілді, ал 49 жастағы азаматтың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Түлкібас ауданының екі тұрғыны мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан жолда адасып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардан құралған 48 адам мен 4 техника, 2 дрон аппараты жұмылдырылды. Жедел іздестіру тобы Шыңбұлақ ауылынан 1989 жылы туған азаматын тірідей тауып, қауіпсіз аймаққа алып шықты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың мәйіті табылды» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында мал іздеуге шыққан 2 адам табылмай жатқанын жазған болатынбыз.