ҰБТ-дан 140 балл жинаған түркістандық жігітке пәтер сыйланды

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Arbat.media Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін аталған білім беру орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында 140 балл жинаған түлекке пәтер берілетіндігін мәлімдеген екен. Сол орталықта білім алған Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, енді оқу орталығы оған пәтердің сертификатын табыстаған.

Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан алынады.

Сонымен қатар, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа бағалы сыйлықтар тарту етілген.

ҰБТ ЕНТ Түркістан үй

Тақырыпқа жаңалықтар