Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2023, 11:15

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдары және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеуге жеткізілді.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топ арнайы операция

Тақырыпқа жаңалықтар