Үкіметте онлайн-казиноны жарнамалайтындарға қылмыстық жазаны енгізу ұсынылды

Үкіметте онлайн-казиноны жарнамалайтындарға қылмыстық жазаны енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, кейбір блогерлер халықты құмар ойындарға тартуды тоқтататын емес.

Бүгінде 37 блогердің 18-і әкімшілік жазаға тартылған.

«Олардың көбісі заңды кездейсоқ емес, жүйелі түрде бұзады. Оған қоса, құмар ойындардың жарнамасы үшін тікелей жазаның жоқтығы жағдайды ушықтырып отыр. Ал әкімшілік айыппұлдар оларға түсетін пайдамен салыстыруға келмейді», - деді Бижанов.

Айтуынша, құмар ойынға тәуелділік онлайн-казиноның жарнамасынан басталады.

онлайн-казино Үкімет жарнама блогер
Кеше, 14:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:45 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:08 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар