Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімі беріледі
Елордадағы Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Ол оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беруді жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы.
Әлназарова тергеу жұмыстарына да тоқталды.
«Бұл оқиғада құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты көп сұрақ бар, яғни құрылыс кезінде тиісті талаптар ескерілмеген деген күмән айтылып жатыр», — деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 18 қараша күні жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды.