Ұлттық алауыздықты қоздырған тағы бір блогер бас бостандығынан айырылды
Әлеуметтік желіде Северный Казах атымен танымал блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ақпаратты Kozachkov offside Telegram-арнасы таратты. Атышулы іс бойынша сот отырысы жабық түрде өткен. Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты ресми түсініктеме берді. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушы Youtube-та өз арнасының авторы және әкімшісі бола отырып, ұлттық алауыздықты қозғауға бағытталған бейнероликтерді жариялаған.Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқан,
Сотта Аслан Төлегенов кінәні толық мойындады.
«Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Сотта сараптама қорытындылары, ұялы телефон, интернет-сайттағы бейнежазбалар тексеріліп, дәлелденді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен блогер 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.