Ұлттық ұланда алғаш рет «аға сарбаздар» институты енгізілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланындағы 5573 әскери бөлімінде «аға сарбаздар» институты енгізілуде. Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің қауіпсіздігі үшін қарастырылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жаңа үлгі бойынша тәртібімен, көшбасшылық қасиетімен ерекшеленген жоғары шақырылымдағы сарбаздарға үшінші біліктілік сыныбы мен «аға сарбаз» мәртебесі беріледі. Олар өз қарамағына бірнеше жас сарбазды алып олардың қауіпсіздігіне жауап береді.

«Жаңа жүйенің ерекше белгісі ретінде аға сарбаздарға қызыл-қоңыр жолақ кеудеше беріледі. Қазіргі таңда 15-тен астам аға сарбаз келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру мүмкіндігін пайдаланды», - деп хабарлады Ұлттық ұлан.

Сарбаз Әскер ІІМ полиция

Тақырыпқа жаңалықтар