Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Қарауылда 180 киіз үй тігілді

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Қарауылда 180 киіз үй тігілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Қарауылда 180 киіз үй тігіліп, қазақтың қонақжай дәстүрі айшықталып жатыр.

Киіз үйлердің әрқайсысы — тарих пен салт-дәстүрдің айнасы, ал орталық алаңда үлкен сахнадабала Абайдан дана Абайға дейінгі өмір жолын қамтитын тағылымды қойылым қойылады.

Дала төсін дүбірге бөлеген бәйге де тойдың сәнін кіргізбек. Ер қанаты — ат, жүйріктің тізгініне қонған шабандоздар жүлде үшін ғана емес, ел мерейін асыру үшін бақ сынайды.

Тойға 30 мыңнан астам адам қатыспақ. Олардың арасында 15 елден делегация, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, өнер өкілдері және БАҚ өкілдері бар.

Бүгінгі тойдың басы Абай зиратына зиярат етуден басталды.

Абай Ақ үй мұра мерейтой
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар