Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдіктілер карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытып, ауыр техника мен тау-кен байыту кешенін пайдаланған. Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шетелге жөнелтілген.

Тергеу дерегінше, 23 мың тоннадан астам өнім өткізілген. Оның құны 1 млрд теңгеден асады.

Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға да залал келтірілген. Жерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.Тергеу жалғасып жатыр.

Күдікті Тергеу Заң Кен орны

Тақырыпқа жаңалықтар