Үндістаннан заңсыз әкелінген дәрі-дәрмектер анықталды

Бұл жөнінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мамандардың айтуынша, тексеру кезінде косметикалық өнім ретінде жасырылған 1 кг-дан астам дәрілік препарат табылған. Құжатта 38 түрлі өнімнің атауы бетке арналған жақпа май және биологиялық белсенді қоспалар ретінде екі санатқа бөлініп жазылған.

Жыл басынан бері қалада есірткі заттарын заңсыз өткізуге қатысты 17 дерек тіркелген.

Аталған фактілер бойынша барлық материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Алматы Қала Дәрі Үндістан

Тақырыпқа жаңалықтар