«Үстірт» ЮНЕСКО мұралар тізіміне енуі мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парижде ЮНЕСКО өкілдеріне Үстірт ландшафттары бойынша номинациялық құжатты ресми тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленіп, алдын ала бағалау үшін жолданды.

Үстірт – археологиялық ескерткіштер мен табиғи ландшафтты үйлестіретін аралас мұра объектісі ретінде посткеңестік кеңістіктен алғаш рет ұсынылып отыр.

ЮНЕСКО басшылығы Қазақстанның мәдени мұраны дәріптеудегі белсенділігін жоғары бағалады.

Үстірт мұра енеді Зерттеу

Тақырыпқа жаңалықтар