«Виза режимін жеңілдету»: Қазақстан мен Еуропа келісім жасауға дайындықты бастады

Қазақстан мен Еуропа келісім жасауға дайындықты бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы виза режимін жеңілдету және реадмиссиялар туралы келісім жасауға дайындық жұмыстары басталғанын құптады.

Антониу Кошта Еуроодақ елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

Еуропа Қазақстан виза жеңілдету

Тақырыпқа жаңалықтар