Қазақстан жаңалықтары18 мамыр 2024, 13:00

Халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде алды

Өзбекстанның Науаи қаласында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста қызылордалық Мұхтар Ниязов бас жүлде алды. Халықаралық айтысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан барлығы он ақын келді. Олардың арасында 6-уы еліміздің намысын қорғап қайтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өлеңмен өрнектелген сөз сайысында Мұхтар Ниязов дайындығы жоғары екенін көрсетті. Көпшілік алдында жүйелі ой, ұтымды ұйқасымен дараланды. Қазылар алқасы қызылордалық айтыскерді бас жүлдеге лайық деп таныды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

М.Ниязов 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2013 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы мәдениет саласында қызмет атқарып келеді. Қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы қызметін атқарады.

 

 

Мұхтар Ниязов бас жүлде халықаралық айтыс

Тақырыпқа жаңалықтар