Халықты алдаған Ілияс Сариевтың “тоқалының” тағдыры не болды? Тың дерек
“Елге көмек бер” қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевтің серіктесі әрі “тоқалы” деп танылған Ақтоты Дүйсеева қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Руслан Өтепбай айтты. Ал Ілияс Сариев екі айға қамауға алынған болатын.
“Ілияс пен оның ғашығының тағдырын әрі қарай сот шешеді”, - деп жазды журналист. Ол екі күдіктінің тағдырын білу үшін Алматы қаласы Пд-ға хабарласып, мән-жайды анықтаған.
Еске салайық, қор жетекшілері халықтан жиналған ақшаны өз бас мүдделеріне істетіп жібергені бұған дейін айтылды. Ал Ақтотының өзі журналистке берген сұхбатында бұл іске ешқандай қатысы жоғын айтып ақталған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: