Халықтың ақшасын жымқырған Перизат Қайрат және оның анасы туралы тың дерек шықты

Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісі бойынша материалдарды қарау аяқталып, іс прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ҚМА мәлімдеді.

"Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті. Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді", - делінген агенттік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Перизат Қайрат анасы Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар