Жалған ақпарат таратқандар 3 млн теңге айыппұл төлейді
Әлеуметтік желіде біреу сіз туралы ғайбат айтып немесе жалған ақпарат таратса, алдымен қажетті дәлелдерді жинау керек, деп хабарлайды Arbat.Media.
Яғни, жазбалар мен жарияланымдардың скриншоттары, заңды түрде жазылған аудионемесе видеожазбалар, куәгерлердің деректері мен телефон нөмірлерін айғақ ретінде пайдалануға болады.
Одан кейін өтініш жазып, дәлелдермен бірге жеке куәлік көшірмесін e-Otinish порталы арқылы немесе жазбаша түрде полицияға және прокуратураға жолдаңыз.
Еске салайық, біреудің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері ақпараттың таратылған тәсіліне қарай өзгереді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: