Жалған ақпарат: Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғандарға айыппұл салынады

Әлеуметтік желіде енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғандарға айыппұл салынатындығы туралы бейнеролик тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

ІІМ мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат.

«Әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады. 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты. Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Айта кетейік, жалған ақпаратты таратқан Қостанай облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

жылдамдық Айыппұл жалған Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар