Жалған зейнетақы аударымдарына қатысты қылмыстық схема әшкере болды

Алматыда жалған зейнетақы аударымдары арқылы несие алу схемасы әшкерленді , деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Comfort Time ЖШС және басқа да бақылаудағы кәсіпорындардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары бірқатар заңды тұлғаны тіркеп, солар арқылы несие алуды көздеген. Алайда азаматтардың атына жалған зейнетақы аударымдарын рәсімдеген.

"Салдарынан қарыз алушылардың табысы мен төлем қабілеті туралы жалған деректер енгізіліп, банктер соның негізінде несие рәсімдеген. Бұл заңсыз қызмет үшін ұйымдастырушылар қарыз алушылардан берілген соманың 10%-ына дейін сыйақы алып отырған. Көп жағдайда несие алушылар банктер алдындағы міндеттерін орындаудан жалтарған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл қылмыстық схема аясында 399 миллион теңге сомасына 140 несие алынған. Көбіне қарыз алушылар қатарында жұмыссыз азаматтар немесе несие тарихы нашар адамдар болған.

Мұндай деректер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында анықталған.

Алматы Зейнетақы Қылмыс схема

Тақырыпқа жаңалықтар