Антикор: Шаруалар субсидияны тек бір жылдан кейін алған
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2024, 17:00

Антикор: Шаруалар субсидияны тек бір жылдан кейін алған

Кешігіп жеткен көмек. Жамбыл облысында жүздеген шаруа мемлекеттен берілетін субсидияға тек бір жылдан кейін қол жеткізді. Антикор жауапты мемлекеттік қызметкерлер шаруаларды алалап, қаражатты бөліп- жарып бергенін анықтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жыл соңында берілуі тиіс болған қаражатты көптеген шаруа алмаған, деп жазады КТК телеарнасы.

Есесіне, құжаттарын енді құнттап, субсидияға сұрау салған ондаған шаруаның жолы болды.

Қазір көмек қаражатты көптен күткен 243 шаруа қожалығына 400 млн теңгеден астам мемлекеттік қолдау берілді. Ал субсидия үлестіруді созбалаңға салып, кейбір шаруашылыққа басымдық берген ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы қатаң сөгіс алды.

Ербол Бақтықожаев, ҚР СЖҚІҚА Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы:

— Субсидия төлеуде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге департамент тарапынан алгоритм бекітілді. Егер алгоритм ережесі сақталмаса, жауапты тұлғалар заңмен жауапқа тартылады. Болашақта бұл тікелей департамент бақылауында болады.

Жамбыл облысы шаруалар субсидия Антикор

Тақырыпқа жаңалықтар