Қазақстан жаңалықтары22 қараша 2023, 21:09

Жамбыл облысында кісі өлтірмек болған күдікті ұсталды

Жамбылдық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы  аясында «Қайнар-Шу» республикалық маңызы бар автожолы бойынан «Ауди 100» маркалы автокөлігін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлікті тексергенде Алматы қаласынан Шу қаласына бағыт алған көліктің артқы орнында отырған жолаушы 20 қарашада Алматы қаласында ҚР ҚК 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша көзделген қылмыс жасады деп күдікті болып танылған Тараздың 21 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті Алматы қаласынан қылмыстық қудалау органына берілді.

 

Жамбыл облысы кісі өлтіру Құқықтық тәртіп Шу

Тақырыпқа жаңалықтар