Жамбыл облысында малшы бастығының малын сатып, құмар ойынына тіккен
Жамбыл облысында бөтеннің мүлкін иемденген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеу бойынша, сотталушы 2018 жылы жәбірленушімен жазбаша еңбек шартын жасасады. Ер адам 63 бас ірі қара мал және 423 бас қойды бағуға келісім береді.
2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың қаңтары аралығында сотталушы бастығының бақылауының жоқтығын пайдаланып, малдарды сатып жібереді. Ал қаражатты өзі иемденіп, құмар ойындарға жұмсаған.
Малшы жәбірленушіге 14,5 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген. Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: