Жамбыл облысында өгей балаларын қинаған ер адам сотталды

Жамбыл облысында бірнеше жыл бойы өгей балаларын жүйелі түрде ұрып-соғып, олардың еңбегін пайдаланған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2019–2025 жылдар аралығында ер адам жасөспірімдерді ұрып, тамақтан шектеп, оқуға және қалыпты дамуына кедергі келтірген. Сонымен бірге оларды жұмысқа мәжбүрлеп, түскен кірісті өз қажетіне жұмсаған.

Еске сала кетсек, балалар жағдайды осы жылдың тамыз айында болды. Сот ер адамды«кәмелетке толмағандарды азаптау» бабы бойынша кінәлі деп танып, жеңілдететін мән-жай таппады.

жамбыл облыс өгей сот

Тақырыпқа жаңалықтар