Жамбыл облысында қатты желден жарық пен газ өшіп қалған
Жамбыл облысында қатты желден жарық пен газ өшіп қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Рысқұлов ауданында екпінді жел соққан.
Салдарынан 7 елді мекендегі 25 нысанның шатыры бүлінген.
Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 13 елді мекенде электр жарығы сөніп қалды, 3 елді мекенде газ өшті.
Қазіргі таңда электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
Зардап шеккен тұрғындар жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: