Жамбыл облысында сәби өлімінен кейін қызметтік тексеру басталды
Жамбыл облысында сәби өлімінен кейін қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған шақалақтың көз жұмуынан кейін қызметтік тексеру жүріп жатыр.
Жүктіліктің 41-аптасында түскен әйел 4,4 келі болатын алтыншы сәбиінен айырылған. Туыстары дәрігерлер кесарь тілігін кеш жасады деп отыр. Салдарынан 35 жастағы әйелдің жатырын алып тастауға тура келген.
Марқұмның жақындары акушер босанар алдында 20 мың теңге сұрағанын айтады. Осыдан кейін перзентхана алдында шу шыққан.
Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: