Жаңа Конституция күшіне енді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент бұл оқиғаны ел үшін айрықша маңызды тарихи кезең деп атап, жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруына жол ашатынын айтты.

«Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады»,–деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда азаматтар елдің болашақ даму бағытын айқындайтын таңдау жасап, жоғары жауапкершілік пен бірлік танытты.

Тоқаев Заң Билік Үндеу

Тақырыпқа жаңалықтар