Жаңа оқу жылында 4,1 миллион бала мектепке барды
1 қыркүйекте ліміз бойынша 4,1 миллион бала мектепке барды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның 341 мыңнан астамы тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттаса, 232 мың оқушы 11-сыныпқа көшті.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, соңғы екі жылда еліміздегі үш ауысымды мектептер саны үш есеге қысқарған. Қазір 3 мыңдай мектеп бір ауысымда жұмыс істейді.
Өңірлерде 267 мың оқушыға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы басталғанда 83 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланған. Ал жыл соңына дейін 111 жалпы орта білім беретін мекеменің құрылысы аяқталмақ.
Биылғы оқу жылында білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: