Жануарларды өлтіргендер бес жылға дейін сотталуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатысты жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазіргі заң бойынша жануарларға зиян келтіргендерге 30 күнге дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған болса, енді бұл мерзім алты айға дейін ұзартылады.

Ал жануарларды өлтіргендер үшін жаза қатаң – екі жылға дейін сотталса, жаңа норма бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар, айыпталушының мүлкі тәркіленуі де ықтимал.

Жануар депутат Қылмыс Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар